Әзербайжан Таулы Қарабаққа бағытталған гуманитарлық жүкті бұғаттап отыр - Никол Пашинян

396

Армения тарапы Лачин дәлізінің жабылуына байланысты қиын жағдай туындағанын жеткізді.

Әзербайжан Таулы Қарабаққа бағытталған гуманитарлық жүкті бұғаттап отыр - Никол Пашинян Фото: Panorama.am

Әзербайжан 16 күн бойы Таулы Қарабаққа гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған 19 жүк көлігін жібермей жатыр. Лачин дәлізінің жабылуына байланысты қиын жағдай қалыптасты. Бұл туралы Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz tass.ru порталына сілтеме жасап.

“26 шілде күні Арменияның үкіметтік комиссиясы Таулы Қарабаққа гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдап, 19 жүк көлігі жіберілді. Олар әлі күнге дейін Лачин дәлізінің жанындағы Сюник облысының Корнидзор аймағында тұр. Арменияда аккредиттеуден өткен шетел дипломаттары гуманитарлық жүктің мазмұнымен танысты, мұны Корнидзорда кез келген уақытта қайта жасауға болады. 16 күн бойы Таулы Қарабаққа гуманитарлық жүктерді әкелуге рұқсат етілмейтіні жөнінде ешқандай түсініктеме жоқ”, - деді ол.

Армения министрлер кабинетінің басшысының сөзінше, халықаралық қауымдастық Әзербайжанның Таулы Қарабақты бұғаттау әрекетіне құқықтық баға беруі тиіс.

Бұл мәселенің шешімі ретінде Никол Пашинян Лачин дәлізін қайта ашып, Баку мен Степанакерт арасындағы диалогты бастауды ұсынды. 

“Ереван бейбіт күн тәртібіне адал болып қала береді. Бакуды аймақта бейбітшілікті орнатуға деген күш-жігерді жоққа шығармауға шақырады”, - деп мәлімдеді Никол Пашинян.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу