Әзербайжанда 2 сарбаз минаға түсіп, жарақат алды

316

 Бұл туралы Әзербайжан Қорғаныс министрлігі мәлім етті.

Әзербайжанда 2 сарбаз минаға түсіп, жарақат алды Фото: Бейнежазбадан

11 мамыр күні Әзербайжан армиясының әскери қызметшілері Махаммад Алибаба оғлы Гусейнов пен Камиль Джамиль оғлы Гафланов Келбаджар ауданында қызметтік міндеттерін атқару барысында минаға жарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жараланған әскери қызметшілер жақын маңдағы медициналық пунктке эвакуацияланды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген сарбаздардың жағдайы тұрақты екені, қазіргі уақытта олардың әскери-медициналық мекемеде ем алып жатқаны айтылды.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу