Әзербайжанда адам өліміне алып келген екі жерде өрт болды

452

Екі жерде де өрт сөндірілді. 

Әзербайжанда адам өліміне алып келген екі жерде өрт болды Фото: img4.eadaily.com

Бакуде өндірістік цехтардың бірінде өрт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні таңертең басталған өрттің салдарынан Әзербайжан астанасы Сурахан ауданының Бина ауылындағы "Сюдчюлюк совхозы" массивінде жиһаз жасау кәсіпорнында екі адам қайтыс болды, олардың жеке басы әлі анықталмаған.

Сонымен қатар, республиканың Хачмаз ауданының Ялама ауылында тұрғын үйде өрт болып, екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиға орнынан жергілікті тұрғын Аслан Агавердиевтің (1963 жылы туған) және оның әйелі Румим Тагвердиеваның (1965 жылы туған) күйген денелері табылды.

Өрттің себептері анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу