Әзербайжанда арнайы карантин режимі тағы 3 айға ұзарды

189

Министрлер кабинеті тиісті қаулы қабылдады. 

Әзербайжанда арнайы карантин режимі тағы 3 айға ұзарды Фото: РБК

Әзербайжанда COVID-19-ды ел аумағында таралуын және ықтимал салдарларды болдырмау мақсатында арнайы карантиндік режимнің қолданылу мерзімі 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Sputnik Әзербайжан" басылымына сілтеме жасап.

Премьер-Министр Әли Асадов тиісті құжатқа қол қойды. Қаулыға сәйкес, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) ел аумағында таралуын және ықтимал салдарларды болдырмау мақсатында ел аумағында арнайы карантиндік режим мерзімі 2025 жылғы 1 сәуір сағат 06:00-ге дейін ұзартылды.

Осыған дейін бұл мерзім 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін деп көрсетілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу