Әзербайжан орталық банкі (ӘОБ) басқармасының шешімімен "Günay Bank" ААҚ лицензиясы 17 мамырдан бастап жойылды, банкроттық арқылы банкті тарату туралы сотқа өтініш берілді, деп жазады inbusiness.kz.
Кредиттік-қаржы мекемесінің жиынтық капиталы белгіленген талаптан аз — 50 млн манат (шамамен $30 млн), жиынтық капиталдың коэффициенті 3%-дан төмен болғандықтан және банк өзінің ағымдағы қызметін пруденциалдық тәртіппен жүзеге асырмайтындығына байланысты банк жабылды.
Орталық банк хабарлағандай, жоғарыда аталған шешіммен Günay Bank-тің уақытша әкімдігі тағайындалды, оған банкті басқару бойынша барлық өкілеттіктер берілді.
АПА ақпарат агенттігі таратылған банк салымшыларының 99,9%-ның салымдары өтелетін болады деп атап өтті.