Әзербайжанда диаметрі 28 мм-ге дейін жететін бұршақ жауды

348

Елдің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауды.  

Әзербайжанда диаметрі 28 мм-ге дейін жететін бұршақ жауды Фото: report.az

Әзербайжанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі 20 маусым күні сағат 22:00-дегі нақты ауа райы туралы ақпарат таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, елдің бірқатар өңірлерінде жаңбырлы ауа райы сақталған. Атап айтқанда, Нафталан, Шеки, Балакен, Оғыз және Гусар аудандарында найзағай ойнап, кей жерлерде жаңбыр жауған. Шамамен сағат 20:10-да Газах ауданында диаметрі 10-12 мм болатын бұршақ тіркелді.

Ал арада 10 минут өткен соң, Агстафа ауданы аумағында диаметрі 25-28 мм-ге жететін бұршақ жауды. Мамандардың мәліметінше, жауын-шашын негізінен дөңгелек пішінді мұз түйіршіктері түрінде түскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу