Шығармашылық орталықтың іргетасы осы жылдың қыркүйегінде қаланып, 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп көрсетілген.
"Физули қаласындағы Құрманғазы атындағы шығармашылық орталығы музыка және музыкалық аспаптар, заманауи технологиялар: жұмыс жабдықтары, 3D модельдеу, веб-дизайн, фото және видео курстар бағытында жұмыс істемек. Сонымен қатар кілем тоқуға, қолөнерге, түрлі спорт пен хореографияға баулитын сыныптар ашылады", – деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы қазақ халқының атынан жасалған бұл сыйлық екі ел достығының, бауырластығының және өзара қолдаудың тағы бір нышаны болатынын атап өтті.
Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа шексіз алғысын айтып, Физули қаласының балалары үшін әлемдік деңгейдегі шығармашылық орталық болады деп сенетінін жеткізді.