Президент Ильхам Әлиев Әзербайжан Республикасының Конституциясына қолын қойып: "Әзербайжан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін жүзеге асыра отырып, Әзебайжан Республикасының Конституциясын сақтауға, мемлекет тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, халқына абыроймен қызмет етуге ант етемін", - деп ант берді.
Ильхам Әлиев сондай-ақ Құранға қол қойып ант берді. Одан кейін Президент инаугурация рәсімінде сөз сөйлеп, бесінші мерзімге мемлекет басшысы қызметіне кірісті.
Ильхам Әлиев сондай-ақ Әзербайжан Министрлер кабинеті мүшелерінің өкілеттіктерін орындау туралы қаулыға қол қойды. Үкіметтің жаңа құрамы құрылғанға дейін Министрлер Кабинетінің өкілеттіктерін жүзеге асыру оның бұрынғы құрамына жүктеледі.
Еске сала кетсек, Әзербайжан Конституциясының 116-бабына сәйкес (Әзербайжан Республикасы Министрлер Кабинетінің отставкасы) жаңадан сайланған Әзербайжан Республикасының Президенті қызметіне кірісіп, өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға кіріскен күні Әзербайжан Республикасының Министрлер Кабинеті отставкаға шығады.
Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы 7 ақпанда өтті.