Әзербайжанда президенттікке үміткерлер саны 6-ға жетті

360

Кезектен тыс сайлау 2024 жылғы 7 ақпанда өтеді. 

Әзербайжанда президенттікке үміткерлер саны 6-ға жетті Фото: kisi.kz

Әзербайжан Президенті болуға ниет білдіргендердің саны 6 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты interfax.az порталына сілтеме жасап.

Депутаттар Гудрат Гасангулиев пен Рази Нуруллаев кезектен тыс президент сайлауында үміткер болуға шешім қабылдады.

Гасангулиевтің кандидатурасын ол басқаратын “Бүкіл Әзербайжанның халықтық майданы" партиясы, ал Нуруллаевтың кандидатурасын “Ұлттық майдан” партиясы ұсынады.

Дүйсенбі күні олардың кандидатурасы туралы хабарланды.

Кезектен тыс президент сайлауына қазіргі президент Ильхам Әлиев, Парламент депутаттары Захид Оруж және Фазиль Мұстафа, “Ұлы Әзербайжан” партиясының төрағасы Эльшад Мұсаев қатысатыны белгілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу