Әзербайжанда жаттықтырушы 7 жасар баланы өлтірген

565

Бала басқа тәрбиеленушілердің көз алдында жаттығу жасау барысында қаза тапты.

Әзербайжанда жаттықтырушы 7 жасар баланы өлтірген Фото: tengrinews.kz

Әзербайжанның Сумгаит қаласында дзюдо мен самбодан жаттықтырушы, Еуролиганың қола жүлдегері Мехман Халилов жеті жасар баланың өліміне кінәлі екені анықталды, деп жазады inbusiness.kz  Vzglyad.az-ға сілтеме жасап.

Қалада танымал спортшы кәмелетке толмағанға қарсы қиын әрі қауіпті техниканы қолданып, баланың мойнын сындырды. Тәрбиеленуші балалар ауруханасына дереу жеткізілгенімен, дәрігерлердің оның өмірін сақтап қала алмады.

Оқиға желісі спорт мектебінде орнатылған бейнебақылау камерасына түсір қалған. Кадрларда жаттықтырушының баланың тепкілеп, шашынан сүйреп бара жатқанын көруге болады.

Халиловтың өзі ұсталды, оған қарсы "абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу