Әзербайжан сейсмологиялық қызмет орталығы Каспий теңізінің Әзербайжан жағалауында 5,7 баллдық жер сілкінісі болғанын хабарлады.
Әзербайжанның төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша 4-шілде күні жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 12-ден кете 5,7 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Министрлік таратқан мәлімдемеге қарағанда жер сілкінісі Хачмаз провинциясынан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде болған. Тереңдігі 20 шақырымға дейін жеткен. Зілзала аталмыш провинциядан бөлек ел астанасы Бакуде және оған жақын қалаларда сезілді.
Ал жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат тараған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу