Әзербайжандағы халық саны 10 миллионға жетті

600

Әзербайжан халқының саны 2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 10 204 774 адамға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz trend.az сайтына сілтеме жасап. 

Әзербайжандағы халық саны 10 миллионға жетті Фото: egemen.kz

Халық саны жыл басынан бері 48 408 адамға немесе 0,5 пайызға өскен. Бұл туралы сәрсенбі күні Әзербайжанның Мемлекеттік статистика комитеті хабарлады.

Халықтың 52,9 пайызы қала тұрғындары, 47,1 пайызы ауыл тұрғындары, әйелдер мен ерлер үлес салмағы өзгеріссіз қалғаны атап өтілді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу