Әзербайжандық банк пен БЖЗҚ арасындағы мәселеге дипломаттар тартылады

652

Әзербайжандық банк пен БЖЗҚ арасындағы  мәселеге дипломаттар тартылады

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов егер ұсыныстар түссе, әзербайжандық проблемалық банк пен БЖЗҚ арасындағы мәселені шешуге көмектесуге уәде етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 "ҚР Сыртқы істер министрлігі өзінің шетелдік мекемелері арқылы ұлттық мүдде мен түрлі жағдайларға тап болған Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау бойынша жұмысты белсенді атқарып келеді. Мына оқиғада қиын жағдайға тап болған әзербайжандық банкке инвестицияланған зейнетақы жинақтары жөнінде сөз қозғалуда. Біз түрлі дипломатиялық арналар арқылы өтініштер түскен кезде, Әзербайжан Республикасының тиісті құрылымдарымен белсенді жұмыс жасайтын боламыз", - деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу