Әзербайжанға арнап шығарылған жүк локомотиві таныстырылды

838

Әзербайжанға арнап шығарылған жүк локомотиві таныстырылды

Астанадағы электровоз құрастыру зауытында Alstom компаниясы "Әзербайжан темір жолы" компаниясына (ADY)  арнап шығарған электровозын таныстырды.

KZ8A сериясындағы 48 жүк және KZ4AT сериясындағы 20 жолаушы электровозы Қазақстан темір жолдарында қызмет етіп, жүк және жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда. Alstom компаниясының Батыс және Орта Азия кластерін басқарушы директоры Бернард Пелль, AZ8A локомотиві ЭҚЗ зауытының 2014 жылы "Әзербайжан темір жолы"  компаниясына 50 локомотивті, соның ішінде Prima M4 AZ4A үлгісіне жататын 10 жолаушылар локомотивін экспорттау жөніндегі қол қойылған келісімшарттың бір бөлігі екенін атап өтті.

"Бүгін біз Қазақстандағы зауытымызда Әзербайжанға арнап шығарылған жүк локомотивін таныстырып отырмыз. Бұл Alstom және "Әзербайжан темір жолы" компаниялары арасындағы тығыз ынтымақтастықтың нәтижесі. Осы локомотив Ресей мен Иран арасындағы, Қара теңіз және Каспий теңізі арасындағы байланысты дамытатын қатынас құралына айналады деп сенеміз", –  деді Бернард Пелль.

Оның айтуынша, Әзербайжан темір жол компаниясы ауыр жүктерді тасымалдау үшін Prima T8 локомотивін таңдаған.  AZ8A – қазір Қазақстанда пайдаланылып жүрген KZ8A локомотивінің негізінде құрастырылған. Prima T8 сериясына жататын локомотивтерді құрастыру кезінде озық технологиялар пайдаланылып, ADY компаниясының талаптары ескерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу