Әзербайжаннан Түркияға газ жеткізу уақытша тоқтатылады

171

Әзербайжан газын Түркияға жеткізу тамыз айында экспорттық газ құбырына техникалық қызмет көрсетуге байланысты бірнеше күнге тоқтатылады. 

Әзербайжаннан Түркияға газ жеткізу уақытша тоқтатылады Фото: report.az

Бұл туралы Report Түркияның газ өндіруші BOTAS мемлекеттік компаниясының ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Шах-Дениз" құбырында (кен орнынан) техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстарға байланысты Түркияның Ұлттық газ тарату желісіне табиғи газды Түркгезу кіру нүктесінен бес күн аралығында – 31 шілдеден 5-інші тамызға дейін, ал TANAP Сейітгази кіру нүктесінен (Трансанатолий құбыры) — төрт күн ішінде – 5-9 тамыз аралығында беру мүмкін болмайды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, компания техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстар кезінде ұлттық газ тарату желісіндегі сұраныс пен ұсыныстың теңгерімін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданғанын атап өтті.

Түркияға "Шах-Дениз" кен орнын игерудің 1 және 2 кезеңдері аясында өндірілетін Әзербайжан газы жеткізіледі.

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында Әзербайжан Еуропаға шамамен 6,4 млрд текше метр газ экспорттады. Аталған кезеңде TANAP бойынша Түркияға 2,8 млрд текше метр газ тасымалданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу