Әзербайжанның әскери ұшағы жоғалып кетті

732

Ұшақ Каспий теңізіне құлаған болуы мүмкін.

Әзербайжанның әскери ұшағы жоғалып кетті

Әзербайжанның МиГ-29 ВВС жойғыш ұшағы оқу-жаттығу кезінде радардан көрінбей қалды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"24 шілде күні жоспарлы жаттығу кезінде, жергілікті уақытпен сағат 22:00-де Әзербайжанның МиГ-29 ВВС жойғыш ұшағы радардан жоғалып кетті. Ол апатқа ұшырап, Каспий теңізіне құлаған болуы мүмкін",– деп ақпарат таратты елдің қорғаныс ведомствосы.

Қазіргі уақытта әуе кемесінің ұшқышын табу және құтқару бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. 

"Қорғаныс министрлігі апаттың себептерін анықтау үшін комиссия құрды", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу