Министр Кямаледдин Гейдаров бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Баку-Грозный бағыты бойынша бет алған "Әзірбайжан авиакомпаниялары" ЖАҚ ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 2024 жылғы 25 желтоқсанда жүргізілген құтқару операциясына қатысқан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің тобы марапатталды", – делінген Әжербайжан ТЖМ таратқан ақпаратта.
Бұйрыққа сәйкес төменде аты-жөні көрсетілген қазақстандық құтқарушылар "Ынтымақтастық үшін" төсбелгісімен марапатталды:
- Сейталин Азамат Серікұлы
- Аминов Тимур Владимирович
- Айдаров Кани Манапұлы
- Қараев Саясат Мұсаұлы
- Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы
- Кулханов Әзімбек Шиндаулетұлы
- Күзембаев Ербол Ахметұлы
- Меңдібаев Наурызбекранұлы
- Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы
- Тілеубергенова Айман Минбайқызы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу