Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне шабуыл жасаған адам өлім жазасына кесілді

1184

Ясин Гусейнзаде кінәлі деп танылды. 

Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне шабуыл жасаған адам өлім жазасына кесілді Фото: РИА Новости

Әзербайжанның Тегерандағы елшілігіне қарулы шабуыл жасаған қылмыскер өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Әзербайжан мемлекеттік телеарнасы AzTV-ға сілтеме жасап.

Иранның жоғарғы соты Ясин Гусейнзадеге қатысты үкім шығарды.

27 қаңтарда Әзербайжан СІМ елдің Тегерандағы елшілігіне қарулы шабуыл жасалғаны туралы хабарлады, нәтижесінде дипломатиялық өкілдіктің күзет бастығы қаза тауып, оның екі әріптесі жарақат алды.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарулы шабуылды айыптап, оны террористік акт деп атап, дереу тергеу жұмыстарын жүргізіп,-ақ кінәлілерді жазалауды талап етті. 29 қаңтарда елдің Тегерандағы елшілігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері — барлығы 53 адам Бакуге эвакуацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу