Әзербайжанның Шуша қаласына тағы 57 тұрғын оралды

319

  Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасына сәйкес бұрын қоныс аударуға  мәжбүр болғандарды Шуша қаласына қайтару жалғасуда. 

Әзербайжанның Шуша қаласына тағы 57 тұрғын оралды Фото: report.az

 

Осы кезеңде Шуша қаласына 15 отбасы – 57 адам қоныс аударды, деп жазады inbusiness.kz сайты Anadoly агенттігіне сілтеме жасап.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасына сәйкес бұрын қоныс аударуға  мәжбүр болғандарды  Шуша қаласына қайтару жалғасуда.

30 мамырда республиканың әртүрлі жерлеріндегі жатақханаларда, санаторийлерде, бұрынғы пионер лагерлерінде, аяқталмаған және әкімшілік ғимараттарында уақытша қоныстанған отбасылардан тұратын топ Баку қаласының Гарадаг ауданынан шықты.

Осы кезеңде Шуша қаласына 15 отбасы – 57 адам қоныс аударды.

Осылайша, бүгінгі таңда Шуша қаласында 105 отбасы немесе 406 адам тұрақты тұрады.

Шуша қаласы Әзербайжанның тарихи-мәдени, қоғамдық-саяси өмірінің маңызды орталықтарының біріне, соның ішінде ислам өркениетінің символына айналды.

Әзірбайжанда 2022 жыл Шуша жылы деп жарияланды. Шушаның мәдени өмірін жандандыруды қолдау мақсатында музыкалық фестивальдар, поэзия күндері, көптеген жергілікті және халықаралық мәдени іс-шаралар өткізілді. Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы (TÜRKSOY) Шушаны 2023 жылға арналған Түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялады.

2020 жылдың 8 қарашасында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Шуша армян оккупациясынан босатылғаны туралы жариялады.

Шуша қаласын 1992 жылы 8 мамырда Армения Қарулы күштері басып алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу