"Азерсун" өндіріс және логистика орталығы өз міндетін атқармай отыр

290

Ақтауда азық-түлік бағасын төмендету және тиісті тауар нарығын дамыту мақсатында "Азерсун" өндіріс және логистика орталығы салынды.  

"Азерсун" өндіріс және логистика орталығы өз міндетін атқармай отыр Фото: linkedin.com

Алайда, компания жергілікті кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға мүдделі емес және жағдайды теріс пайдаланып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Маңғыстау облысына азық-түлік тауарларының 80%-дан астамы басқа өңірлерден жеткізілетінін және тауарларды сақтау сияқты шығыстар тауарды бөлшек саудада өткізу кезінде оның түпкілікті бағасына тікелей әсер етеді.                                            

"Азық-түлік тауарларын сақтау нарығында бизнестің 47-ге жуық субъектісінің өз қажеттіліктері үшін қоймалары бар және тек "Азерсун" өндіріс және логистика орталығы құрғақ, мұздатқыш және тоңазытқыш қоймаларын жалға беру бойынша қызмет көрсететіні анықталды. Компания "Теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының қатысушысы болып табылады және өңірдегі азық-түлік бағасын төмендету және тиісті тауар нарығын дамыту мақсатында салынған", - деп хабарлады ведомстводан.

Ведомствоның мәліметінше, қойылған міндеттерді іске асыру үшін орталық бірқатар салық міндеттемелерінен босатылды. Сондай-ақ компанияға кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген.

"Алайда, мемлекет берген артықшылықтарға қарамастан, компания жергілікті кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға мүдделі емес. Белгіленген баға саясаты және жалпы жүргізіліп жатқан жұмыс компанияның өңірдің және тиісті тауар нарығының дамуына үлес қоспайтындығын айғақтайды", - деп мәлімдеді монополияға қарсы департамент.

Мысалы, қойма үй-жайларының жалпы көлемінің шамамен 40%-ы бос, сондай-ақ компанияның іс-әрекеттерінде әртүрлі бағаларды немесе әртүрлі шарттарды баламалы келісімдерге қолдану арқылы көрсетілген үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері көрінеді.

"Қазір компания монополияға қарсы органның талаптарын күнтізбелік 30 күн ішінде орындауға және жоғарыда аталған бұзушылықтарды жоюға мүмкіндігі бар. Олай болмаған жағдайда Орталыққа қатысты монополиялық табысты одан әрі тәркілеу және айыппұл салу арқылы тергеу жүргізу туралы мәселе қаралатын болады", - деп атап өтті ведомствода.

Өңірдің монополияға қарсы департаменті өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігіне және сауда саясатын іске асыруға жауапты лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреттері шегінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хабардар екенін атап өтті.

Айта кетейік, "Азерсун" өндіріс және логистика орталығы жеміс-көкөніс және азық-түлік тауарлары қоймасымен 2016 жылы іске қосылды. Жобаның құны 4,6 млрд теңгені құрады.                                                                                                     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу