"Ажалдан арашалады": Түркістанда туған сіңлісі әпкесіне өз бауырын берді

250

Науқас 2015 жылдан бері диспансерлік бақылауда болған.

"Ажалдан арашалады": Түркістанда туған сіңлісі әпкесіне өз бауырын берді Фото: Pinterest.kz

Түркістан облысында төртінші рет бауыр трансплантациясы сәтті өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы, профессор, академик Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен және орталықтың жоғары білікті мамандарының қатысуымен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында өңірде төртінші рет бауыр трансплантациясы сәтті жүргізілді.

"Науқас 39 жаста. Ол 2015 жылдан бері диспансерлік бақылауда болған. Соңғы уақытта ауруы асқынып, жалпы жағдайының нашарлауына байланысты бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз тиімді жолы ретінде қарастырылды. Донор – науқастың туған сіңлісі, 36 жаста. Өз еркімен донор болуға келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ", – деп хабарлады Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу