Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Жаркентте көз жұмған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Марқұмның отбасына тағы да көңіл айтқым келеді. Дерт. Бұл - менингит. Ол жедел формада өткен. Әдетте аурудың бұл түрі тасымалдаушыларда болады. Өкінішке қарай, әскерге шақыру кезінде сарбаздарды менингиттің барына тексеру талабы жоқ. Біз қазір бұған қол жеткізіп жатырмыз. Сонымен қатар, осы жағдайдан кейін әскерге шақырылған сарбаздарды тексеру бойынша шешім қабылдадым. Әскери бөлімге келгеннен кейін жастарда 100% менингококкты тасымалдауға тексереміз. Егер біз анықтасақ, ол бес-жеті күн ішінде дәрі-дәрмекпен емделеді. Олай болмайды", - деді министр.
Сондай-ақ ол мәселе бар екенін, марқұм сарбаздың ата-анасы диагнозбен келіспей отырғанын айтты.
"Мен өзім де әкемін. Түсініп отырмын. Бұл бәріміз үшін қайғы. Бірақ қазақша айтқанда "ажалы келді", - деді Жақсылықов.
Сонымен қатар министр сараптама диагнозды растағанын айтты.