Ажар Ғиният ДДҰ басшысын қайта сайлануымен құттықтады

543

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясының 75-сессиясында доктор Тедрос Гебрейюс ДДҰ-ның Бас директоры болып екінші мерзімге сайланды, деп хабарлайды inbusiness.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ажар Ғиният ДДҰ басшысын қайта сайлануымен құттықтады

Елдер ДДҰ басшысының жұмысының нәтижелерін бірінші мерзімде жоғары бағалады және оның кандидатурасын көпшілік дауыспен қолдады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бастаған қазақстандық делегация алғашқылардың бірі болып ДДҰ бас директорын медициналық қоғамдастықтың атынан құттықтап, денсаулық, табыс және алға қойылған міндеттерді іске асыруды тіледі. 

Бас директормен кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ассамблеясының тарихында алғаш рет қазақстандық делегацияның басшысы - денсаулық сақтау министрі ДДА мерейтойлық сессиясына қатысушыларға қазақ тілінде үндеу жасады. 

Өз сөзінде А.Ғиният медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қоса алғанда, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде және денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуда ДДҰ-ның жетекші рөлін қолдады. 

Сессия аясында ведомство басшысы Таиланд Премьер-Министрінің орынбасары, денсаулық сақтау министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесулер өткізді. 

Үндістан, Жапония, Тайланд, Индонезия, Грузия, Ресей және Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау министрліктерінің басшыларымен кездесулер өткізіліп, ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, "Стоп туберкулез" серіктестігінің басшысы Л.Дитиу және Д. Латицевчи бастаған ЖҚТБ, туберкулез және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қордың командасымен кездесулер өтті. Әріптестер Қазақстанда туберкулездің таралуының алдын алу бойынша бірлескен күш-жігердің нәтижелерін талқылады. 

Министр әріптестеріне фтизиопульмонологиялық қызметті дамытуға, дәрілік препараттарды, диагностикумдар мен жабдықтарды ұсынуға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Ассамблея алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің (ҚЗХА) директоры К. Уайлдпен кездесу өткізді, оның барысында онкология саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және қазақстандық сарапшылардың ҚЗХА жобаларына қатысуы мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар денсаулық сақтау саласында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру және өзара тиімді серіктестікті нығайту бойынша бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу