Ажар Ғиният: Еліміздің барлық өңірлерінде эпидемиологиялық жағдай тұрақты

663

Бірақ Америка және Африка елдерінде сырқаттанғандар саны артуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ажар Ғиният: Еліміздің барлық өңірлерінде эпидемиологиялық жағдай тұрақты

"Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, тәулігіне коронавирус инфекциясын жұқтырудың шамамен он шақты жағдайы тіркеледі, науқастардың 98%-дан астамы сауығып кетуде. Биыл 24 қаңтарда Ведомствоаралық комиссияның отырысында карантиндік шараларды жеңілдету тәсілдері қаралып, мақұлданды. Қазір елде барлық шектеу шаралары алынған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, соңғы аптада бүкіл әлемде ауру 12%-ға төмендеді", – деді министр. 

Сонымен қатар ол сырқаттану көрсеткішінің өсуі Америка және Африка өңірлерінде байқалатынын атап өтті. 

"Әлемнің 97 елінде сырқаттанушылық артуда, мәселен, соңғы аптада Арменияда сырқаттанушылық 200%, Венгрияда 200%-дан астам, Біріккен Араб Әмірлігінде 55%-ға, Жапонияда 54%-ға, Сингапурда 37%-ға, Израильде 15%-ға, Түркияда 12%-ға өсті", – деді министр. 

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайды күнделікті болжау және бағалау тұрақты негізде жалғасуда, жағдай ушыққан кезде КВИ-мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін төсек-орындар, инфекциялық ауруханалар, емдеуге арналған қаражат көлемі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, жеке қорғаныс құралдары дайын.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу