"Елімізде биыл ресми статистика бойынша денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің оң үрдісі байқалады. 2020-2021 жылдары пандемияға байланысты халықтың денсаулығы күрт нашарлаған болатын. Ол тек Қазақстанда ғана емес, барлық дүниежүзінде байқалған үрдіс. Мәселен, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда биыл 9 айда халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 28 пайызға төмендеп отыр", - деді министр.
Оның айтуынша қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткішінің шамамен - 32% төмендеді.
"Обырдан – 9%, жарақаттан - 4%, тыныс алу жолдары ауруларынан болатын өлім-жітім - 33%, ал туберкулезден болатын өлім-жітімнің 17% төмендеді", – деді министр.