Ажар Ғиният тәулігіне 40 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты

1344

Ведомство басшысы елде "омикрон" штамы анықталғанын атап өтті.

Ажар Ғиният тәулігіне 40 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алдымен министр оптимистік сценарийге тоқталды.

"Ревакцинациямен 100 пайызға дейін қамтылғанда, профилактика шараларын жаппай сақтағанда тәулігіне 17,5 мың жағдайға дейін тіркеледі", – деді басшы Үкімет отырысында.

Ол реалистік сценарийге сәйкес коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта алғандар саны 70%-ға төмен болса, әрі профилактика шараларын ішінара сақтаған күннің өзінде тәулігіне ауру жұқтырудың 25,5 мың жағдайға тіркелуі ықтимал екенін атап өтті.

"Пессимистік сценарий кезінде – ревакцинациямен 40% аз қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамағанда тәулігіне 40 мыңға дейін жағдай тіркеледі", – деді Ажар Ғиният.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу