Кездесу барысында Қазақстан Республикасының аумағында медициналық бұйымдар өндірісін орналастыру жобасы бойынша халықаралық компанияның қатысуы, қажеттіліктерге сәйкес бизнес-кейсті есептеу мәселелері талқыланды.
Өз тарапынан "General Electric" медициналық техниканы сатып алуды жүргізуге және "офтейк-келісімшарттар" жасасуға қатысты денсаулық сақтаудың нормативтік құқықтық базасына қажетті өзгерістер бойынша бірқатар ұсыныстар дайындалды.
"General Electric" компаниясынан медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру бойынша жұмыс шеңберінде Қазақстанда медициналық жабдықтар өндірісін, атап айтқандаУДЗ аппараттары мен компьютерлік томографтардың 4 моделін орнықтыруға дайындығы туралы растау келіп түсті.
Бұдан басқа, "General Electric" денсаулық сақтау жүйесі кадрларының (клиникалық мамандар, әкімшілік персонал, рентгенологтар және кіші медицина персоналы) біліктілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін білім беру бағдарламалары мен тренингтер өткізуді кеңейтуге мүдделі, бұл өз кезегінде жоғары технологиялық медициналық жабдықты неғұрлым тиімді пайдалануға жағдай жасайды.
"Сіздің ұсыныстарыңызды біз одан әрі зерттеп, пысықтаймыз. Өзара тиімді әріптестікті дамытудағы әлеует өте жоғары екенін айта кеткен жөн. Өз тарапынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бірлескен жобаларды іске асыруға барлық қажетті қолдау мен жәрдем көрсетуге дайын", - деп түйіндеді ведомство басшысы.