Бүкіл қазақстандықтарды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын!
Жеңіс күні - бұл болашақ ұрпақтың еркін өмір сүруі үшін бейбіт аспанымызды қорғаған, барлық қатал әскери сынақтардан өткен, өз Отанына деген сүйіспеншілігімен танылған, біздің жүрегімізде мәңгі қалатын ұлы батырларға замандастарының естелігі мен алғысы.
Соғыс жағдайында, далалық госпиталдарда жауынгерлердің өмірін сақтап қалған әскери дәрігерлеріміз жеңіске ерекше үлес қосты.
ҰОС кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды, соғыстағы ерлігі үшін жүздеген мың қазақстандық медалдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды.
Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық жеңіс үшін өз өмірін қиды – олар шайқаста қаза тапты, алған жарақаттарынан қайтыс болды, хабар-ошарсыз кетті.
Ата-бабаларымыздың рухы мен батылдығының арқасында біз көптеген жылдар бойы бейбітшілік заманда, өркендеп, гүлденген елде өмір сүріп келеміз, алдымызға биік мақсаттар қойып, жаһандық міндеттерді шеше аламыз.
Ұлы Жеңіс күні барша қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық, ең бастысы, бейбіт аспан тілеймін!