Әжелер киіз басудан жарысты

1381

Түркістан облысында Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Киіз басу өнері – көшпенділер мұрасы" атты байқау өтті. Аталған іс-шарада 12 ауылдық округтен келген әжелер бақ сынады, деп хабарлайды inbusiness.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әжелер киіз басудан жарысты

Әжелер 3 топқа бөлініп, текемет басудың қыр-сырын көрсетті.

Байқау қорsтындысы бойынша "Ең үздік қол өнер шебері" номинациясын "Дария толқын" әжелер тобы иемденсе, "Шебердің қолы алтын" номинациясы "Асыл әжелер" тобына бұйырды.

"Асыл қазына әжелер" құрамасы "Өнерлі де, өнегелі әже" номинациясына қол жеткізді. "Көрермен көзайымы" сыйлығы Бабайқорған ауыл округі, Абай ауылынан келген Абдулаева Анаркүл мен Ескі Иқан ауылының шебері Усманова Карамхон әжелерге табысталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу