Әжесі немересін балалар үйіне өткізді

984

Әжесі немересін балалар үйіне өткізді

Атыраудағы "Шаңырақ" отбасылық түрдегі балалар ауылының тәрбиеленушісін асырап алған Ақтау тұрғыны бала асырап алғаны үшін берілетін ай сайынғы жәрдемақы көлеміне көңілі толмай, баланы алған жеріне қайтып әкеліп тастады, деп хабарлайды Today.kz. 

"Шаңырақтың" директоры Гүлсара Ботатаеваның сөзінше, қыз бала туғанынан балалар үйінде тәрбиеленген. Бірнеше уақыттан соң балалар ауылының қызметкерлері қыздың туған әжесін тауып, немересін үйіне алып кетуге көндірген. 

Мамандар әжеге немересін бағуға рұқсат беретін құжаттарды түгелдеуге көмектескен. Сөйтіп әжесі немересін отбасына алып келген. 

Бірақ қыз ол үйде тұрып жарытпады. Әжесі бала асырап алғаны үшін берілетін айлықты бірінші рет алғанда қызды балалар үйіне қайтарып берген. Әжесінің сөзінше, жәрдемақы көлемі өте аз. 

"Қыз баланың жүйкесі жараланды, ол қатты жылады. Онымен психологтар жұмыс істеп жатыр", – деді балалар ауласының директоры. 

Оқиғаның мән-жайы анықталғанша бала кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімделу орталығында болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу