Әжесінің 100 мың теңгесін жұмсап қойған қыз жалған тонау оқиғасын ойлап тапқан

140

Қыз бала іс-әрекетін жасыру үшін өзін тонап кеткендігі туралы оқиғаны ойлап тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әжесінің 100 мың теңгесін жұмсап қойған қыз жалған тонау оқиғасын ойлап тапқан Фото: Арман Мухатов

20 жастағы павлодарлық қыз полицияға қоңырау шалып, өзін тонап кеткені туралы хабарлады.

Оператордың сұрақтарына жылап тұрып жауап берген ол, оқиғаны шеберлікпен суреттеп, шынайы образға енген.

– Менің сөмкемді ұрлап кетті! Ішінде 100 500 теңге және көк түсті Samsung телефоны болған. Автобустан түсіп жатқанымда, артымнан бір ер адам келіп, сөмкемді жұлып алып қашып кетті. Мен оның артынан жүгірдім, бірақ қуып жете алмадым. Ол бірден жоқ болып кетті, – деді телефонның ар жағынан өксігін баса алмаған "жәбірленуші".

Жедел-тергеу тобы дереу оқиға орнына аттанып, қыз көрсеткен мекенжайға жетті. Полиция қызметкерлері, автопатрульдер мен учаскелік инспекторлар жақын маңдағы көшелерді тексеріп, күдіктіге ұқсас азаматтарды іздестірді.

Бейнебақылау камералары тексерілді, бірақ оқиға камераға түспеген. Қыздың бұрын ер адамды аулада көргенін айтып, артынан жүгіргенін баяндаған мәлімдемелері күдік тудырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу