Әжетхана салуға бөлінген 75 млн теңге қолды болды

479

Жетісу облысында Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әжетхана салуға бөлінген 75 млн теңге қолды болды Фото: canva.com

Сотталғандар туристтік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға арналған 74,7 млн теңге бюджет қаражатын талан-таражға салған.

"Прокурорлық тексеріс, объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат шығындалып кеткенін көрсетті. Сарқан ауданының прокуратурасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді", – делінген Жетісу облысының прокуратурасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу