Сарыағашта осыдан үш күн бұрын жоғалып, бүкіл ел болып іздеген 3 жасар Асылымды жерленді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Естеріңізге салсақ кішкентай бүлдіршіннің денесі 18 мамыр күні түнде сағат 22:50 шамасында көршісінің әжетханасынан табылды.
"3 күн іздеген 3 жасар періштенің денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, Халайық", — деп жазған болатын журналист Гүлмира Абықай Instagram парақшасына.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу