Ажырасқан әйелдерге өз ойын айтуға тыйым салынуы мүмкін

537

Қырғызстан Министрлер кабинеті қыздардың қоғамдағы роліне мониторинг жасауды тапсырды. 

Ажырасқан әйелдерге өз ойын айтуға тыйым салынуы мүмкін Фото: freepik

Қырғызстанда ажырасқан әйелдерге әлеуметтік желіде өз ойын айтуға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елдің министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров орынбасары Эдиль Байсаловқа әйелдердің әлеуметтік желідегі жазбаларына мониторинг жасауды тапсырған. Оның сөзінше, әйел адамдар күйеуі және оның туыстары туралы жаман айтпауы керек. 

"Біздің салт-дәстүрімізге қайшы келетін ақпараттардың тарауына шектеу қоюымыз керек. Кейбір келіндер өз әкесін мақтап, қайын аталарын, енесін жамандап жатады. Ал ажырасып кетсе әлеуметтік желіде ойын таратып жатады. Олар үлгі алатын адам емес", - дейді министрлер кабинетінің басшысы.  

2022 жылдың қыркүйегінде Ақылбек Жапаров қыздардың қоғамдағы ролі туралы да айтқан болатын. 

"Қыздар үй тірлігіне жауапты болуы керек, ал ұлдар ақша тауып, отанын қорғауы керек", - деген еді Жапаров.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу