"Мен де ажырасқан әйелмін": Жанна Оразбахова жеке өмірі туралы сыр шертті

2637

Бірақ екеуміз бөлек кетсек те, ата-ана міндеттерін қатар атқарамыз деп келістік. 

"Мен де ажырасқан әйелмін": Жанна Оразбахова жеке өмірі туралы сыр шертті Фото: Жоғарғы сот

Марқұм Салтанат Нүкенованың адвокаты Жанна Оразбахова алғаш рет жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол "Мамский әңгіме" youtube-арнасына берген сұхбатында екінші рет тұрмысқа шыққанын жасырмады. 

“Мен де ажырасқан әйелмін. Үш балам бар. Бүгін бірінші рет осы подкаста жеке өмірім туралы айтып отырмын. Оған дейін менің балаларым бар екенін көпшілік білмейді. Бірінші некедегі күйеуіммен ұрыс-керіссіз ажырастық. 11 жыл бірге өмір сүрдік. Біздің көзқарасымыз екітүрлі болды, болашақты да екеуміз екі көзқараспен қарайтын едік. Ол кезде қызымыз 11-де, ұлым 4 жаста болды. Екеуміздің жиі ренжіскенімізді, бақытсыз түрімізді балалардың көргенін қаламадық. Ашық сөйлесіп, сотқа арыз жазуға бардық. Сол кезде судьяның "ажырасудың себебі не" деп сұрағаны есімде. "Біз әрі қарай бірге өмір сүре алмаймыз. Ажырасқымыз келеді" дедім. Сосын ажырастық, дүние мүлікті бөліп алдық. Бірақ екеуміз бөлек кетсек те, ата-ана міндеттерін қатар атқарамыз деп келістік. Сол сөзімізде тұрдық. Балалары әкесін жиі көріп тұрады. Ең қызығы, оның туған әпкесі – менің жан құрбым. Біз әлі күнге дейін бірге саяхаттап тұрамыз. Үшіншіме аяғым ауыр кезде реанимацияға түсіп қалдым. Сол кезде балалар әкесінің қасында болды. Мұның бәрі қалыпты, дұрыс қарым-қатынас деп ойлаймын", – деді адвокат. 

Сондай-ақ, құқық қорғаушы екінші күйеуімен балаларының қарым-қатынасы жақсы екенін де айтты. 

“Ажырасқаннан кейін тұрмысқа шықтым. Үшінші сәбиімді дүниеге әкелдім. Жолдасыммен құрбым арқылы таныстық. Шын махаббаты екінші рет тұрмысқа шыққан кезде түсіндім. Екінші күйеуім – балаларымның жақын досы. Өте қолы ашық, жомарт кісі. Қуанғанымды көру үшін соңғы дүниесін қиюға әзір. Сол үшін үнемі "сараң жігітке тұрмысқа шықпаңдар" деп жиі айтамын. Ең бастысы ажырасудан кейін өмір тоқтап қалмайды”, – деп ойын бөлісті қоғам белсендісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу