Ажырасқан кезде төленетін баж алымы артатын болды

196

Үкімет осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымын жариялады. 

Ажырасқан кезде төленетін баж алымы артатын болды Фото: freepik.com

Қазақстанда ажырасқан кезде төленетін мемлекеттік баж мөлшері артатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың сауалына берген жауабында осылай деді.

"Қазіргі күні жаңа Салық кодексінің жобасы Парламент Сенатында қаралып жатыр. Жобада некені бұзғаны үшін мемлекеттік баж мөлшері 5 АЕК-ке (19 660 теңге) дейін ұлғайту қарастырылған. Бүгінде ақы төлеу мөлшері өзара келісу бойынша 7728 теңге, хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе сотталған адаммен бұзу бойынша 386 теңге", - делінген Үкімет басшысының берген жауабында.

Үкімет дәстүрлі отбасы құндылықтарын ілгерілету бойынша жүйелі жұмыстар атқарып жатқаны туралы айтылған. Отбасы және неке институтын сақтау мен нығайтудың 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.

"Жалпы алғанда Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес соңғы 5 жылда елде ажырасу саны азайған (2020 жылы - 48,2 мың, 2024 жылы – 40,5 мың, 16%-ға төмендеген). Мұндай үрдіс мемлекеттік қолдау саясатының түбегейлі қайта қаралуымен байланысты болды. Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дамытудың 2025 жылға арналған медиа-жоспары қабылданды. Түсіндіру жұмыстары шеңберінде әлеуметтік желілер, сыртқы жарнама, білім беру мекемелері, АХАТ органдары мен беделді қоғам көшбасшылары тартылуда", - деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін ажырасатындарға бұрын-соңды болмаған салық салу ұсынылғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу