Азиада: 11 күннің нәтижесі

423

11-жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 5 алтын, 11 күміс және 35 қола жүлде бар. 

Азиада: 11 күннің нәтижесі Фото: Туризм және спорт министрлігі

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Мейіржан Шермаханбет Ханчжоуда өткен Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Біздің отандасымыз финалда табанды күресте жапондық Катсуаки Эндодан жеңіліп қалды.

Грек-рим күресінен тағы бір палуанымыз Азат Садықов (77 кг) қола медаль иеленді. Үшінші орын үшін тартыста оның қарсыласы жарақатына байланысты кілемге шықпады, ал жеңіс Азатқа бұйырды.

Ауыр атлет Александр Уваров (81 кг) қола медаль жеңіп алды. Оның екі жаттығу барысындағы нәтижесі – 348 кг.

Наталья Богданова (66 кг) әйелдер боксында Азиаданың қола жүлдегері атанды. Жартылай финалда ол Таиландтан келген спортшыдан жеңіліп қалды.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Карина Ибрагимова Тәжікстаннан келген қарсыласын жеңіп, финалға өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу