Азиада-2018: Қазақстан қоржынына алғашқы "алтын" түсті

525

Алғашқы медальді шпагашы Дмитрий Алексанин сыйлады. 

Азиада-2018: Қазақстан қоржынына алғашқы "алтын" түсті

Шпагашы Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Джакартада басталған Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ең алғашқы медалін шпагашы Дмитрий Алексанин сыйлады. 

Ол финалдық бәсекеде Рио Олимпиадасының чемпионы Сан Ен Пакты жеңді. Дмитрий үш кезең бойы есепте алды тұрды. Десе де, соңғы кезеңде Олимпиада чемпионы біздің спортшыны қуып жеткен болатын. Соңғы секундтарда сәтті шабуыл жасаған Алексанин Азиаданың чемпионы атанды. Қорытынды есеп - 15:12.

Еске сала кетейік, жартылай финалда Алексанин Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Джунг Джинсуннан басым түскен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу