Азия ойындарында командалық спорт түрлерінен іріктеу айналымдары басталып кетті деп жазады Olympic.kz.
Бүгін ганболдан Қазақстан қыздар командасы Үндістаннан басым түсті
Қазақстан мен Үндістан арасындағы матч 36:19 есебімен біздің пайдамызға аяқталды.
Қазақстандық команда сапынан Дана Әбілда ең көп ұпай жинады, ол қарсылас қақпасына 8 доп соққан. Сондай-ақ, Ольга Танкина мен Валерия Караваева тиісінше 6 және 5 доптан соқты.
Азия ойындарында Қазақстан құрамасы Оңтүстік және Солтүстік Корея, Қытай, Үндістанмен бір топқа түсті.
Команданың келесі кездесуі 16 тамыз күні Қытайға қарсы өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу