Азиада-2018: Су добынан Қазақстан қыздар командасы Таиландтан басым түсті

941

Су добынан Қазақстан қыздар командасы бүгін екінші кездесуін өткізді.

Азиада-2018: Су добынан Қазақстан қыздар командасы Таиландтан басым түсті

Джакартадағы Азия ойындарында командалық спорт түрлерінен топтық кезең матчтары басталып кетті, деп жазады Olympic.kz. 

Қазақстандық спортшылар Таиланд командасымен кездесіп, 13:4 есебімен жеңіске жетті. 

Команда сапынан ең көп ұпай жинаған - Анастасия Миршина. Ол қарсылас қақпасына 5 доп соқты.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан командасы Қытай құрамасына 4:11 есебімен жол берген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу