92 келіден астам салмақ дәрежесінде жартылай финалдық жекпе-жекте Қамшыбек Қоңқабаев Үндістан боксшысы Бервал Нарендермен қолғап түйістіріп, әділ қазылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Сондай-ақ ол боксшылар арасында олимпиадалық лицензияны алғашқы болып иеленді.
Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев Ханчжоуда өтіп жатқан Азиа ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының алғашқы финалисі атанды және ол алтын медаль үшін таласады. Оның финалдағы қарсыласы - өзбекстандық Баходир Жалолов.
Қамшыбек Қоңқабаев 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының төрт дүркін (2017, 2019, 2021, 2022) күміс жүлдегері болып табылады, сондай-ақ әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы (2014).