Азиада-2022: Зілтемірші Александр Уваров қола медальді жеңіп алды

501

Солтүстік Корея атлеті рекорд орнатты

Азиада-2022: Зілтемірші Александр Уваров қола медальді жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Александр Уваров Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Уваров 81 келі салмақта өнер көрсетіп, үштікке кірді. Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 348 (154+194) келіні еңсерді.

Алтын медальді Солтүстік Кореядан келген Чонгсон Ри еншіледі, оның көрсеткіші  364 (169+195) келі. Осылайша ол Азия ойындарының рекордын жаңартты. Өзбекстаннан келген Мухаммадқодыр Тоштемиров екіші орыннан көрінді, оның жетістігі – 351 (159+192) келі.

Тағы бір отандасымыз Еламан Сейтқазы – 343 (154+189) келіні еңсеріп, төртінші орыннан көрінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу