Азиада-2023: Қазақстан алғашқы ондыққа енді

778

Қазақстанның қоржынында 3 алтын, 3 күміс және 10 қола медаль бар.

Азиада-2023: Қазақстан алғашқы ондыққа енді Фото: ҚР Спорт және туризм министрлігі

Бейсенбі, 28 қыркүйек, Қытайдың Ханчжоу қаласында Жазғы Азия ойындарының бесінші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды. Алдымен Зухра Ирназарова 10 метр қашықтықтан қозғалатын нысанаға атудан бірінші болды. Одан кейін стенд атудан аралас жұптық турнирде Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко дуэті жеңіске жетті. Скит жаттығуларының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан мықты болды. Қорытынды есеп 40:35.

Жоғары мәртебелі екі марапаттан кейін Қазақстан құрамасының командалық жарыстағы орны өзгерді. Еліміз 12-орыннан 9-орынға көтерілді.

Топ басына алаң иелері Қытай Халық Республикасының спортшылары орналасып отыр. Олар 81 алтын, 45 күміс және 23 қола медаль алды. 

Екінші орында Оңтүстік Кореяның өкілдері келеді. Бұл мемлекет спортшылары 20 алтын, 19 күміс және 35 қола жүлдені жеңіп алды. Алғашқы үштікті Жапония құрамасы қорытындылайды. Күншығыс елінің өкілдерінде 15 алтын, 27 күміс және 24 қола медаль бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу