Қазақстандық Никита Чирюкин Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында оқ ату жарысында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, Никита Чирюкин 26 ұпай жинап, жоғары жылдамдықты тапаншадан атуда үшінші орынға табан тіреді.
Қазақстандық спортшы жеңіс тұғырын ҚХР мергендерімен бөлісті.
"Никита – көптеген беделді жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Бүгін де ол биіктен көрінді. Бәсекелестік қиын болғанына қарамастан ол өзінің шеберлігін көрсетті. Никитаны, оның командаластары мен жаттықтырушыларын осы жүлдемен құттықтаймын", деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу