Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Олимпиадаға кіретін 76 келі салмаққа көтерілген Жәмила Бақбергенова алғашқы айналымда Светлана Окназарованы (Өзбекстан) 7:0, 1/4 финалда Ариунжаргал Ганбатты (Моңғолия) 6:0, 1/2 финалда Үндістан балуаны Киранды 4:2 есебімен ұтты.
Финалда жерлесіміз әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Айпері Медетқызымен (Қырғыз Республикасы) белдеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу