Әзілкеш Нұржан Төлендиевтің жиені дүниеге келді

3306

Бұл туралы өнер иесінің қызы мәлім етті.

Әзілкеш Нұржан Төлендиевтің жиені дүниеге келді Фото: instagram.com

Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиевтің қызы дүниеге сәби әкелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы актердің қызы Қорлан Instagram парақшасында жариялады. Айта кетейік, ол сәбиін 3 желтоқсан күні дүниеге әкелген.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айында танымал әзілкеш Нұржан Төлендиев қызын ұзатқан еді.

Әзілкеш үйінде жақындарының басын қосып, дүркіретіп той жасады. Қазақтың салт-дәстүрімен қызын ұзатып, әкелік ақылын айтты:

“Мінекей, енді бой түзеп, еркелей өскен өз еліңнен қалықтап ұшып, жүрек қалауыңмен арыстай азаматтың еліне қонғалы отырсың. Барған жеріңде бағың ашылсын. Тастай батып, судай сің. Еріңнің туы, еліңнің нуы бол. Бұдан былай саған бір әулеттің жауапкершілігі жүктеледі. Парасаттылықпен сол сенімді ақтағайсың”, – деп жазды Нұржан Төлендиев.

Сондай-ақ, бұған дейін өнер иесінің қызы Қорлан Instagram парақшасында сәбилі болатынын хабарлаған болатын.

"Барлығы менің ханшайымым үшін. Біздің кездесуімізге аз қалды", - деп жазды Қорлан. 

Әзілкештің қызы болашақ сәбиді перзентханадан шығаруға арналған киімдерді көпшілікке көрсетіп, қуанышымен бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу