Әзірбайжан астанасында Түркі мемлекеттері орталық банктері кеңесінің екінші отырысы өтті

285

Кеңестің келесі отырысы 2027 жылы Түркияда өтеді.

Әзірбайжан астанасында Түркі мемлекеттері орталық банктері кеңесінің екінші отырысы өтті Фото: cbar.az

Қазақстан Ұлттық Банкі өкілдері Бакуде өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері кеңесінің екінші отырысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде қатысушылар:

- ақша-кредит саясатының өзекті мәселелерін;

- жаһандық және аймақтық сын-қатерге ден қою шараларын;

- қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету тетіктерін;

- цифрлық қаржы экожүйелерін дамыту бағыттарын;

- қаржы технологияларының рөлі мен олардың орталық банктер қызметіне ықпалын талқылап, пікір алмасты.

"Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел қатысушыларды Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменовтің атынан құттықтап, түркі мемлекеттерінің орталық банктері арасындағы ынтымақтастыққа жоғары баға берді. Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдері Кеңес мүшелерін еліміздің негізгі ақша-кредит реттеушісінің қазіргі қызметі туралы хабардар етті", – делінген хабарламада.

Жиын қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар мен алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қамтитын Коммюнике қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу