Әзірбайжан халықаралық банкі БЖЗҚ қарызын 2032 жылға дейін толық өтейді

762

Әзірбайжан халықаралық банкі БЖЗҚ қарызын 2032 жылға дейін толық өтейді

18 шілде күні бұл опцияға Әзірбайжан халықаралық банкі жоғарғы кредиторларының 92 пайызы дауыс берді. Әзірбайжан үкіметі қарыз төлеуді толығымен өз мойнына алды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

18 шілде күні Баку қаласында Әзірбайжан халықаралық банкінің қарыздық міндеттерін қайта құруға қатысты дауыс берудің нәтижесі жарияланды.

Қорытындыға сәйкес, кредиторлардың 94 пайызы әзірбайжан тарапынан ұсынылған қайта құру жоспарына дауыс берді.

БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) — ірі кредиторлардың бірі. Қор  2032 жылға дейін қарыздың нақты жиынтығын сақтай отырып, Әзірбайжанның тәуелсіз облигацияларына айырбастау арқылы қарызды өтеу опциясын таңдады. Бұл опцияға жоғарғы кредиторлардың 92 пайызы дауыс берді (Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай қорынан бөлек).

Яғни Әзірбайжан халықаралық банкінің БЖЗҚ алдындағы міндеттері Ирландық қор биржасына қарайтын  Әзірбайжан үкіметі жаңа тәуелсіз облигацияларды эмиссиялау арқылы өз мойнына алады.

2017 жылдың мамырында валюталық дағдарысқа қатысты Әзірбайжан халықаралық банкі сыртқы қарыздар міндеттерін тоқтату туралы және процесс құрылымын өзгерту бастамасын хабарлаған болатын. ӘХБ қарыздар құрылымын өзгерту мемлекеттік қарызды 2,4 млрд долларға арттырады.

Облигациялар түріндегі БЖЗҚ инвестициялары девальвация алдындағы уақытта іске асырылған. Бұл қағаздарды сатып алу арқылы БЖЗҚ 51,6 млрд долларлық купонды сыйақыға алған болатын.

Белгіленген уақыттың бір тоқсанында БЖЗҚ инвестицияланған қаржының теңгелік мөлшермен 40 пайызын қайтарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу