Әзірбайжан орталық банкі есептік мөлшерлемені өзгертпеді

757

Әзірбайжан орталық банкі есептік мөлшерлемені өзгертпеді

Әзірбайжан орталық банкі есептік мөлшерлемесін 15 пайыздық деңгейінде сақтап қалды. Мұндай шешім Орталық банк басқармасы отырысында қабылданды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сондай-ақ, ӘОБ басқармасы пайыздық дәліздің төменгі шегін 10 пайыздық, жоғарғы шегін 18 пайыздық деңгейде қалдыруды шешті. Банк бұл шешімді валюта нарығы мен манат бағамын тұрақты сақтауға мүмкіндік беретін сыртқы сауда теңгерімінің жақсаруымен түсіндірді.

2017 жылдың бірінші жартысында экспорт 2016 жылдың қаңтар-маусымындағы көрсеткішпен салыстырғанда 36,5 пайызға өскен. Дәл осы кезеңде мұнай экспорты 27,9 пайызға өсіп, импорт 15,7 пайызға кеміген. Қаңтар-маусым айларындағы сыртқы сауда теңгерімінің профициті 1,9 миллиард долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу