Әзірбайжан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке керемет сый жасады

Джыдыр дюзю аймағында Қарабақ сәйгүліктерінің таныстырылымы өтті.      

Әзірбайжан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке керемет сый жасады Фото: day.az

Ол жерге Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Түрікменстанның Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ерекше таныстырылымда Ильхам Әлиев Гурбангулы Бердімұхамедовке Қарабақтың "Достық" ("Достлуг") сәйгүлігін сыйға тартып, көпшгіліктің көңілін аударды.

Бұл сый – дипломатиялық қарым-қатынастың әрі мәдениетаралық байланыстардың нығаюының символы.

Өз кезегінде бұл көріністі БАҚ-тар "Қарабақ аймағының мәдени және тарихи мұрасына құрмет көрсету және ілтипат білдіру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараның бір бөлігі" деп атады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу